Бұл іс-шараға Солтүстік- Қазақстан облысы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының» теологі, діңтанушы Амиржанов Мурат Набиұлы, Аққайың ауданы прокуратурасының прокуроры Белгибеков Жарқын Жумабекұлы, Аққайың аудан білім бөлімінің әдіскері Каримова Райса Бекмағамбетқызы, мектеп әкімшілігі, ұстаздар және 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Ұйымдастырылған шараның мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру болып табылады.
Мурат Набиұлы оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарына тоқталып өтті. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат кұралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.
Діни сауаты жоқ, рухани тәрбиеден жұрдай осындай жастарды әлдекімдер алдап-арбау арқылы санасын роботқа айналдырып, өз мақсаттары үшін қолдануда. Тіпті оларды түрлі дәрі-дәрмектер мен психотроптық заттардың көмегімен арандатып отырған болуы да ықтимал. Қазір осы туралы баспасөз беттерінде көп айтылып жатыр. Сөйтіп, арандап қалған жастарды негізгі мақсат, негізгі идея осы деп, адам өлтіруге, жалпы өлімге айдап салып отыр. Әлдекімдер осындай жастардың қолымен от көсеп, өз мақсаттарына жетуді көздеуде. Осының барлығының алдын алу үшін жас ұрпаққа дұрыс тәрбие мен білім беру қажет. Мемлекет осыған қатысты қажетті заңдар мен ережелерді қабылдап жатыр. Мұндай жағдайдан алып шығар жалғыз ғана жол бар – ол адамдарға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін үйрету.
Жарқын Жумабекұлы терроризм және оның зардаптары туралы оқушыларға мәлімет берді. Бүгінгі жастар – алғыр, барлық заманауи технологиялық құралдарды меңгеруде, кез келген басқа елдің жастарымен зияткерлік деңгейі жағынан терезелері тең. Сондықтан жастар жалған уағызшылардың шақыруына алданбай әрбір іс-әрекеттері мен қадамдарын ақылға салып жүргені жөн. Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар екенің ешқашан да ұмытпауларыңыз керек.
Райса Бекмағамбетқызы аудан мектептерінде діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берді.
Смирнов №3 орта мектебінің басшысы Серғазы Уалиұлы Садвоқасов келген қонақтарға алғысын білдірді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау