Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

«Алаштың Ақселеуі» Ақселеу Сейдімбектің 75 жыл толуына орай әдеби кештің өткізілуі бойынша ақпарат

Мектеп басшысы С.В.Садвоқасов қазақ әдебиетіне өшпес із қалдырып, өмірінің өнегелі дариясын сиқырлы қаламынан бал тамызғандай суреттеген Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл. Өлмейтұғын артынан із қалдырған жазушы, әрі ғалым Ақселеу атамызды бүгінгі күні жоқтаушылары да, ізбасарлары да көбейіп келеді. Асыл сөздің бабына барып, тұлпарын бәйгеге дайындағандай әрбір шығармаларын көркем прозаның тілінде, балалардың тілінде өте нәзік, сезімтал жеткізе отыра, тәрбиелік мән-ұғымын еш уақытта жоғалтпағаны туралы айтып өтті.


Әдеби кеш «Неткен сұлу, қазақ жері!» атты бейнетаспа мен 9 сынып оқушыларының орындауында  қазақ биімен ашылды.



Әдеби кешті өткізген  қазақ тілі  және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С.Казиева. Өнегелі ғұмырын  еліне арнап, туған жерге деген ыстық сағынышы мен зор құрметін, сүйіспеншілігін үнемі сөз ететін Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығына назар аударып бейнефильмдер көрсетілді. Жиналған қауымға Ақселеу Сейдімбектің туысы Жаман Жақсыбайұлы Күлмағамбетов жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы  айтып берді. Келесі кезекте жазушы Ақселеу атамыздың күнделігінен  үзіндіні оқушылар жатқа оқып шықты.




Жүргізуші Ақселеу атамыздың бай мұралары ауданымызда қаншалықты таралғаны жөнінде ақпарат беру мақсатында  Смирнов №3 орта мектебінің кітапханашысы А.Т.Мукашева келесі сөз кезегін алды. «Сөнбес жұлдыздар» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырып, келген қонақтарға және оқушыларға Ақселеу Сейдімбектің кітаптарымен таныстырып шықты.





Ақселеу Сейдімбектің қай сөзі бол­сын қазақтан бастау алады. Ол жазған құн­ды еңбектердің барлығының атауы қа­зақ сөзін төркіндейді екен. Қарап отыр­сақ, «Қазақ әлемі», «Қазақтың ауыз­­ша тарихы», «Қазақтың бейпіл сөз­дері», «Қазақтың күй өнері» деп қаламы қаңта­рыл­ғанша қайран Ақаң қазақты жырлапты. Музыка жетекшісі Д.Б.Балтабаев  «Өмір толғауы» термесін орындады.



Осыдан 8 жыл бұрын Сарыарқаның төсіне ұмытылмас мұра болып жайылған асыл қазыналардың авторы, қазақ жазушысы Ақселеу атамыз дүниеден озды.  Ол әлі де жұмбақ, зерттеуді қажет ететін ұлы тұлға. Ер есімі қашан да ел есінде. Қазақ әдебиетімізде есімі алтын әріппен жазылған жазушымыз Ақселеу Сейдімбектің біз үшін де, келер ұрпақ үшін де маңызы зор. Сол себепті арнайы өзіндік қолжазбасы бар мектебіміздің музыка жетекшісі Дәулет Бәшімұлы Балтабаев Ақселеу атамыздың портретін салған болатын. Оны келер ұрпақтың еншісіне, яғни Аққайың аудандық мұражайына сыйға тарттық. Аудандық мұражай қызметкері Т.П.Борисоваға мектеп басшысы С.В.Садвоқасов Ақселеу Сейдімбектің портретін табыс етті.



Кештін соңында мектеп оқушылары мен ұстаздар Ақселеу Сейдімбектің туысы, туған бөлесі Жаман Жақсыбайұлы Күлмағамбетовпен естелікке суретке түстік.


 

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары:    Ж.М.Умбетова

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь