2022 жылғы 29-қараша күні, СҚО пән мұғалімдері Ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес, онлайн форматта физика пәні мұғалімдерінің шеберлік сағаты өтті. Шараға өңіріміздің 70-ке жуық педагогы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – педагогтарды әдістемелік қамтамасыз ету, оқу тәжірибесін арттыру, кәсіби шеберлігін шыңдау және өз бетінше шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Семинарда №1 Смирновская орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Хамзин А. шеберлік сағатын ұсынды. Материал өзекті, тәжірибеге бағытталған және жеке тәжірибеден алынған.
Сабақтың бейне үзіндісін көрсету арқылы физика сабақтарында онлайн қызметтерді пайдалану әдістері көрсетілді. Шеберлік сабағының қорытындысы бойынша семинарға қатысушылармен топтық рефлексия өткізілді