Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің мұғалімі Ермеков Заманбек Жомартұлы 12 желтоқсан 2022 жылы мектептің оқушыларына Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан "Қамшы өру" дәстүрін үйретті.
«Теріден бұйым жасау. Қамшы өру технологиясы»
Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше.Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал дей салуға болмайды.Бұл қолөнер туындысы, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Ата-бабаларымыз қамшысы арқылы өз көз қарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген.