Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

«Адал ұрпақ» клубтары белсенділерінің аудандық слеті

Бүгін, 8 желтоқсанда №3 Смирново орта мектебінде «Адал ұрпақ» клубтары белсенділерінің аудандық слеті өтті. Балауса ансамблі қонақтарды қарсы алды. Келген аудан мектеп оқушылары 3 топқа бөлініп, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жағдаяттар ұсынылды. Оқушылар осы тапсырмаларға бас қатырып, өздеріне жүктелген міндеттерді балалықпен емес, бар салмақтылықпен шешті. Олар толық, сауатты, жан-жақты жауап берді. Ал 1-ші - 3-ші мектеп дайындаған флешмоб, үгіт-насихат тобы ақпараттық мазмұнымен балаларды баурап алды. Флешмобқа 9-10 сынып оқушылары қатысты. Смирново мектеп - гимназиясының оқушылары сахналық көрініс дайындады. Қонақта Аққайын аудан білім бөлімінің әдіскері Р Б Каримова мен Уразымбетова АК Аққайын ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы қатысты. Ұйымдастырып өткізген іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар өздерінің алғыстарын білдірді.
Слет соңында жемқорлық тақырыбында ұсынған бағдарламаларды дайындаған мектептерге алғыс хат берілді.
  
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь