Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы "Зерделі" білім беру орталығымен бірлесіп 2023 жылғы 5-6 қаңтарда Астана қаласында № 92 мектеп-лицей базасында офлайн режимде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" республикалық олимпиадасын өткізді. Мұғалімдер күрделілігі жоғары логикалық математикалық есептерді шеше білуде жарысты.
Біздің мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сабитова Надежда Николаевна облыстық турда 1 орын алып, Солтүстік Қазақстан облысы құрамасының құрамына енді. Олимпиаданың өзінен басқа қатысушылар үшін логикалық тапсырмаларды стандартты емес шешу дағдысын пысықтау бойынша екі күндік семинар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 150 педагог қатысты. СҚО құрамасы 6 адамнан тұрды. Надежда Николаевна республикада 1 орынға ие болды. Айта кету керек, бұл біздің облыс құрамасындағы ең үздік нәтиже.
Надежда Николаевнаны құттықтаймыз және оған одан әрі табыстар тілейміз!