Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528991
<

 введите текст 

введите текст

Күзгі демалыстар: 4 күн- «Жүзден жүйрік» интеллектуалды ойын.


         Күзгі демалыс – бұл әр мектеп оқушысы ансап күткен уақыт, өйткені бұл оқу жылында демалуға мүмкіндік. Жазғы демалыстан кейін балалар күшті және қуатты болып келеді, бірақ та, күзгі демалысты күтуде. Демалыс күндері мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға байланысты әртүрлі жұмыстар жүргізіледі.

        Қараша айының 1-і күнінен бастап бастауыш сынып оқушылармен әр түрлі іс шаралар өткізілді. Атап айтсақ  2017 жылы 2 қарашада бастауыш сынып оқушыларының арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.



        Сайысқа қатысушы оқушылар екі топқа бөлініп отырды. «Білімділер» және « Жұлдыздар » командасы.

        Бұл сайыста «Жұлдыздар» командасы І-орынды иеленіп, жүлдені жеңіп алды. Ертеңгілікте әндер шырқалып, логикалық тапсырмалар, мақал-мәтелдер, санамақтар айтылды. Сонымен қатар би биленіп, жұмбақтар жасырылды. Ертеңгілік көңілді өтті.



        Ертеңгілікте белсенді қатысқандар Тургумбекова Айару, Тургумбекова Альфия,  Қорлан Адай, Гайсина Эльнара.


                                   
                                                                         Бастауыш сынып мұғалімі Қ.Е. Досмағамбетова.
 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь