
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.
Осыған орай, 2017 жылдың 13 желтоқсан күні "Смирнов №2 орта мектебі" КММ қабырғасында 6 -7 сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Қазақ тілі мұғалімі Исина Гүлмира Мәулітжанқызы және орыс тілі мұғалімі Галимова Меруерт Асқарқызы оқушыларға латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі, маңызы мен себептері туралы мәлімет берді.


Латын әліпбиінің бекітілген нұсқасымен танысып, қаріптердің жазылуы мен дыбысталу ерекшелігіне баса назар аударды. Оқушылар топтарға бөлініп, бұл мәселені қызу талқылады, яғни латын әліпбиіне көшудің тиімді және тиімсіз тұстары жайында өз ойларын білдірді. Дөңгелек үстел барысында әр түрлі тапсырмалар орындалды. Барлық оқушылар белсенді қатысып, жақсы әсер алды. Латын әліпбиі туралы көптеген ақпарат алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения