Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528991
<

 введите текст 

введите текст

«Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» атты дөңгелек үстел



                                                     

        2017 жылы қарашаның 22-сі Смирнов №2 орта мектебінде «Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу»  атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Шараға  9-11 сынып оқушылары қатысты.

        Дөңгелек үстелді қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Жангарина Айман Ермекқызы мен Сайдалинова Айгүл Зейноллақызы кіріспе сөздерін қысқаша мағлұмат беруден бастады.

        Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.







        «Еркін микрофон» ойыны негізінде латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары туралы оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берді.

        Латын әліпбиі туралы  11-сыныптың оқушылары Ким Вячеслав, Дюсенбаева Камила, Гаврилова Карина, Сергиенко Александра, Капенов Алмас өз ойларын ортаға салды.





        Пікір сайыстың соңында оқушыларға «ПОПС» формуласын қолданып, өз пікірлерін  дәлелдей алды.

        Іс-шараның соңында оқушылар бірауыздан латын тілін қолдайтындарын айта кетті. Дөңгелек үстел көңілді және бірқалыпты жағдайда өтті.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь