12.02.2019 жылы "Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар барысында 5-сынып оқушыларымен "Балаға жүрек жылуы" сынып сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылар әрдайым адамдар бір-біріне жылы сезімдерін біолдіріп, тек жақсылық ойлау, игі істер, игілік жасау арқылы мейірімділік танытатынын түсіндіре білді. Әр адамның жүрегі мейірімді, қарапайымды болу үшін не істеу керектігін саханалық қойылымдармен түйіндеді. Алған әсерлерін, білім-біліктерін нақтылау мақсатында тапсырмалар берілді. Сынып сағатының соңында "Бөбек" қорының президенті С.А.Назарбаеваның қайырымдылық, аялы алақаны туралы бейнебаянмен түйіндеді.