«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған съезге өңірлік конференцияларда сайланған делегаттар, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар құрылымдарының, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, бастауыш партия ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, партия ардагерлері қатысты.
Негізгі отырыс басталар алдында Елбасы «Нұр Отан» партиясының қазіргі жұмысына, партияны жаңғыртуға және оның тарихына арналған арнайы көрмені аралады. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқына арналған жолдау мен «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысына мониторинг жүргізудің жаңа жүйесі, сондай-ақ партия жобаларын жүзеге асырудың нәтижелері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне жаңа «Цифрлық партия» жүйесінің мүмкіндіктері көрсетілді.
Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Қазақстанның өткен 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, елімізде болған барлық оң өзгерістердегі «Нұр Отан» партиясының рөлін ерекше атап өтті.
– Біздің басты басымдығымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамыту. Біз қиын кезеңдердің өзінде әлеуметтік міндеттемелерімізді орындадық. Елімізде әрдайым әлеуметтік салаға мол қаржы бөлініп келді, бұл көрсеткіш алдағы уақытта бірте-бірте арта беретін болады, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру үшін Ұлттық қордан қаражат бөлінетіндігі туралы айтты.
Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты одан әрі жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталып, оны іске асыруға партияның белсенді атсалысуы қажет екенін атап өтті.
– Партия тұрғындардың күнделікті мәселелерін шешу ісіне белсенді атсалысуға тиіс. «Халыққа көмек» жобасы осы жұмыстарды күшейтуге бағытталған. Бүгінгі таңда қоғамның өзекті сұраныстарына жедел жауап беру және соларға мемлекеттік органдардың назарын аударту маңызды мәселе саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Съезд барысында партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы, Партияның саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ Партияның саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясы жұмыстарының қорытындылары жөніндегі есептері қабылданды.
В Конгрессе, посвященном 20-летию партии «Нур Отан», присутствовали делегаты, избранные на региональных конференциях, парламентарии, главы государственных органов, национальных холдингов и компаний, гражданское общество, неправительственные организации и молодежные структуры, международные организации, дипломатический корпус, первичные партийные организации, представители науки и культуры, ветераны вечеринок.
Перед главным заседанием Президент посетил специальную выставку, посвященную текущей работе партии «Нур Отан», модернизации партии и ее истории. Нурсултан Назарбаев был подробно проинформирован о послании народу Казахстана и новой системе мониторинга реализации Пяти Социальной Инициативы, а также о результатах реализации партийных проектов. Кроме того, Президенту Республики Казахстан были продемонстрированы возможности новой системы «Цифровая партия».
Обращаясь к достижениям Казахстана за последние 20 лет, Президент подчеркнул роль партии «Нур Отан» во всех позитивных изменениях, которые произошли в нашей стране.
- Нашим главным приоритетом является улучшение качества жизни наших граждан и развитие Казахстана как социально ориентированного государства. Мы выполнили свои социальные обязательства даже в трудные времена. Страна всегда инвестировала в социальную сферу, которая в будущем будет постепенно увеличиваться », - сказал президент.
Нурсултан Назарбаев сообщил, что средства Национального фонда будут направлены на улучшение качества и благосостояния граждан страны.
Глава государства подчеркнул основные направления дальнейшей реализации социальной политики и подчеркнул необходимость активного участия партии в ее реализации.
- Партия должна активно участвовать в решении повседневных проблем населения. Проект «Помощь населению» направлен на укрепление этих усилий. Сегодня важно оперативно реагировать на самые насущные потребности общества и привлекать внимание государственных органов », - сказал Нурсултан Назарбаев.
В ходе съезда были утверждены новая программа партии «Управляющее общество: десять целей десятилетия» 2030 года, новая партия Политсовета партии и Центральная ревизионная комиссия, внесены изменения и дополнения в устав партии, а также Политический совет партии и Центральная ревизионная комиссия. отчеты о результатах их работы.
Посмотреть новость на сайте учреждения