Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528991
<

 введите текст 

введите текст

"Салт дәстүр"

Сәбиді қырқынан шығару

Сәбиді қырқынан шығару

Нәресте дүниеге келіп туған-туыстың, ата-анасының  қуанышына себепкер болып, Шілдехана той жасалып, мәре-сәре болып алғаннан кейін сәбиді алда тағы да қазақтың сәлт-дәстүрлері күтіп тұр. Дүниеге шыр етіп келгеннен-ақ сақалды қария, ақ жаулықты әже болғанша біз салт-дәстүр мен ырым-тиымдар арқылы қалыптасамыз. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып бізге жеткен дәстүрдің бірі – сәбиді қырқынан шығару. Біз бұның алдындағы мақаламызда сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн толып буындары бекіп, мойыны қатқанша көпшіліктің алдына шығарып, бетін сүйіп, иіскеуіне болмайды деп есептегенін айтқанбыз. Отбасы мүшелері қолына ұстап жұбатқанымен, көбіне анасының, әжесінің қарауында болған. Қырқынан шығарғанша сәбиді күнде суға түсірген. Ол – сәбиді шомылдыру деп аталады. Сәбиді қырық күн толғанша бір күн тұз, бір күн сабынды суға кезектестіріп түсіріп отырады. Егер жас келін ауыр босанып, я денсаулығы нашар болса шомылдыруға үлкен жеңгелері не апа-әжесі көмектеседі.

Қазақ халқы үшін «қырық» киелі сан деп есептелген. Қырқынан шықпаған немесе уақытынан жай шығарылған бала әлсіз, аурушаң болады. Қол-аяғы ширақ ерте жетіліп келе жатқан ер баланы отыз күнге жеткізбей, қыз баланы 30 күннен асқаннан кейін де қырқынан шығара береді. Ал атауы шартты түрде «қырқынан шығару» деп қала берген. Қырқынан шығару үшін таңдалған күні үйге туған-туыстардан, ауылдан әйел адамдар жиналады. Бұл салтқа ер адамдар қатыстырылмайды. Жиналған қонақтар арасынан елге сыйлы, қадірлі үш әйел таңдалып қойылады. Олардың бірі - тырнағын, бірі-шашын алады. Үшіншісі нәрестені қырық қасық суға шомылдыру рәсімін өткізеді. Қайнаған суды суытып, ішіне қырық бұршақ не басқа да дәндер мен күміс тиындар салады. Оған қоса қыз болса жылтырақ алқа-моншақтар (күміс), ер бала болса бірнеше асық салынады. Сәбиді қырқынан шығаруХалқымыз күміс салынған су ең таза су деп есептеген. Сәбиді осы суға отырғызып қырық қасық суды бұршағымен баланың басынан денесіне санап құяды. Әрбір қасық суды құйған сайын нәрестеге арналған ақ тілектер айтылып отырады. Мысалы: Өмірің ұзақ болып, үбірлі-шүбірлі бол, Ысты-Дулат аруағы қолдасын, Бәйдібек ата мен Домалақ ана аруақтары жебеп жүрсін, Бөлтірік, Оразымбет аталарыңдай тапқыр шешен бол, Дінмұхаммед атаңдай әділетті, ел қамын ойлаған қазақтың адал ұлы бол, Оттан да, оқтан да сескенбейтін Бауыржан атаңдай батыр бол. Сонымен қатар, сәбидің тегіне, өз ата-бабасына, нағашы ата-әжесіне арналып та бірнеше тілектер айтылады.  Рәсім біткен соң шомылдырған әйел шөміш пен тостағанды кәде-сый ретінде өзі алады. Ал тырнағы мен шашын алғандарға ата-анасы жеке сый жасайды. Ал күміс тиындар мен асық-алқаларды келген басқа қонақтар таратып бөлісіп алады.

«Қырқынан шығару» – дәстүрінің өзі бірнеше рәсімнен, ырымнан тұрады. Қуанышқа жиналған қауымға қырық шелпек пісіріп таратады. Бұдан бөлек «иткөйлек» деген де бар. Бұл да осы рәсім кезінде өткізіледі. Сәби дүниеге келген алғашқы күні кигізілген киімді иткөйлекдеп атаған. Оны кіндік шешесі арнайы жаңа туған шақалаққа арнап, тігісін сыртына қаратып, кең-мол қылып тігеді. Бұл балаға тігісі батып, қолы жеңінен шығып бет-аузын тырнап тастамас үшін. Қырқынан шығаратын күні осы  иткөйлекті бала көтере алмай жүрген келіндерге ырым қылып береді. Егер ондай әйелдер жоқ болса, иткөйлекке құрт-ірімшік, тәтті-құтты орап иттің мойнына байлап жібереді. Ауыл балалары әлгі  итті ұстап ішіндегісін тәбәрәк етіп бөлісіп алады. Бұл қазір уақытта жоқ әрине, дегенмен, келген қонақтар жыртысқа салып қант-кәмпитін, сарқытын бөлісіп алып кетеді.

Ата-бабамыздан аманат болып келген бұл дәстүрлердің мән мағынасы тереңде. Соның ішінде қырық санына ерекше мән бергеніні, қасиетті деп санаған. Қырқынан шығару арқылы сәбиді күміс салынған сумен тазартып, шаш тырнағын алып, жаңа киімдер кигізу арқылы баланың ары қарай азамат болып кететініне көз жеткізген. Соны түсініп адам өзгерген, заман өзгерген қазіргі уақытта да дәстүрді қаза қалдырмай уақытында орындап жатқандары қуаныш емес пе.

  • Шілдехана, бесік той
  • Тұсау кесер, сүндет той

Ай шіркін ай!!! – демекші қазағымыз үшін тойланатын – той, айтылатын – тілек таусыламасын.

 

Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп,«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.

Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш.

Тұсау кесу

Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар тартқызып, арты думанды тойға ұласып кетуі ғажап емес. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланып, арнайы «тұсау кесер» сыйлығы беріледі. 

Әдетте қазақтар бала тұсауынала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен. Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілген күннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар ма деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе, кесіп құртуға тырыс дегені. 

Тұсау кесер сәті алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағаға арналған дастарқан маңына, қызық тамашаға жиналады. Дастарқан жанына қазық қағып, аяғы тұсалғанбаланы арқандап қояды.Тойдың негізгі жанкүйерлері – балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, озып келгені арқанды қиып, дастарқандағы бар дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық беріледі. 

Тұсау кесу

Бұдан соң, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектерді айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын таңдалып алынған адам кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығады да, тез-тез жүгіреді. Осы кезде«Тұсаукесер» жыры шырқалады: 

Қаз-қаз, балам, қаз балам, 

Қадам бассаң, мәз болам. 

Қаз-қаз, балам, қаз балам. 

Тақымыңды жаз балам. 

Күрмеуіңді шешейін, 

Тұсауыңды кесейін, 

Қадамыңа қарайық, 

Басқаныңды санайық, 

Қаз-қаз, балам, жүре ғой... 

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь