Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528991
<

 введите текст 

введите текст

Көктем мезгіліндегі мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары

Қ.Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 1-4 сынып аралығында сынып жетекшілері мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша тәрбие сағаттарын  өткізді. 5- 11 сынып аралығында сынып жетекшілерімен бірге  «Мұздағы қауіпсіздік шаралары мен тәртіп ережелері» тақырыбында  АӘД пәні мұғалімі  Амангелді Е.С. екі кезеңмен презентациялық сабақ өткізді. Оқушылардың қосымша қойылған сұрақтарына  жауап берді.

Мақсаты: мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағұлмат беру, есту көру арқылы өзбетінше логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Төтенше жағдайлар талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша төрт қайғылы жағдай тіркелген. Соның салдарынан үш адам қаза болды. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы. Бұл жағдай ата - аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін өкінішке ұласады.

Ескертулер айтылды:Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер. Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар - олар опырылып кетуі мүмкін. Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды. Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмеңдер. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ болыңдар.

 Көктем мезгіліндегі мұз ең сенімсіз, ұсақ мұзды күн жылыған кезде және қыстың алғашқы жартысында күтуге болады. Ол ақ түсті және күңгірт сарғыш түсті болып келеді. Әсіресе мұз үстіне аяқ басқанда және жағаға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтап абай болу қажет.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь